- Негізгі бет
- Техно
- Ғылым мен фантастика:...
Ғылым мен фантастика: Болашақтың бес әскери технологиясы
Болашақтың әскери технологиялары әрқашан қызықты, өйткені олар жауынгер өімірін ғана емес, қалыпты өмірді де өзгерте алады. Иә, көптеген ұлы өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жетістіктер өмірді жақсарту мақсатында тумаған. Көбінесе олар бастапқыда таза әскери мақсаттарда ойлап табылады. Космонавтика, интернет, спутникті навигация, микротолқынды пештер, тіпті көлік терезелеріне арналған антифриз – мұның бәрін армия тудырды. Бүгін біз hi-news жазған болашақ технологияларын ұсынамыз.
1. Квантты камуфляж
Ертегідегі кигенде адам көрінбей қалатын қалпақ есіңізде болар? Бұл туралы бәріміз бала кезде армандадық. Сиқырлы қалпақ жақын арада шындыққа айналуы мүмкін сияқты. Әрине адамды көрінбейтін ететін құрал ертегідегі қалпақ та емес, сиқыр да емес, физиканың нақты заңдары арқылы жасалады. Өздеріңіз білетіндей, біз затқа қараған кезде одан шағылған жарықты көреміз. Осы жарық сәулелерін басқара отырып, шынымен керемет дүниелер тудыруға болады.
Квантты камуфляж адамды көрінбейтін етіп жасай алады
Quantum Stealth принципі, яғни "көрінбейтін киім" бетінде жарық сәулелерін сындыратын арнайы линзалар бар. Бұл линза жарықты түзу өткізбей әртүрлі бұрышқа шашыратады, осылайша жарық өтпейтін өлі нүкте пайда болады. Егер адам осындай өлі орталықта болса, айналаға көрінбей қалады. Квантты құралды камуфляж киімін шығаратын канадалық компания әзірлеп жатыр.
2. Синтетикалық организм
АҚШ Қорғаныс министрлігінің Жетілдірілген зерттеу жобалары агенттігі (DARPA) қызықты және нағыз фантастикалық биодизайн жобасымен айналысады. Бұл арқылы ғалымдар өлмес гені бар синтетикалық организмдерді жасағысы келеді. Оларды басқаратын адам мұндай организмдерді өз қалауымен ғана өлтіре алады.
Бұл жаратылыстар тыныс алады деп жоспарланған, сонымен қатар олар кейбір биологиялық қасиеттерге ие болады. Олардың қандай функцияларды орындай алатыны әлі белгісіз. Болжам бойынша, өлмейтін организм майдандағы жауынгерлер орнын басуы мүмкін. Бір қарағанда, бұл мүлдем фантастикалық болып көрінетін Biodesign жобасына АҚШ үкіметі миллиондаған доллар жұмсап жатыр.
3. Плазма күшінің өрісі
Boeing компаниясы “Электромагниттік доғаның көмегімен соққы толқындарын әлсірету әдісі мен жүйесі” деп аталатын технологияны патенттеді. Датчиктің көмегімен арнайы жүйе жарылыс фактісін түсіреді, содан кейін ол микротолқынды пештерді, электр қуатын және лазерді пайдаланып қауіп жағынан плазмалық қалқанды қамтамасыз етеді.
Плазмалық күш өрісі снарядтардың күшін азайтады
Алынған плазма өрісі басқа кеңістіктерден тығыздығы, құрамы және температурасы бойынша ерекшеленеді. Бұл снарядтардың жарылуынан болатын соққы толқынын төмендетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, технология дәл қазір снарядтар мен снарядтардан болатын толқын күшінен қорғай алмайды. Бірақ, плазма "қауіпсіздік жастығы" бомбаның күшін айтарлықтай төмендетеді.
4. Тыңшы жәндіктер
Жәндіктердің көлеміндей кішкентай дрондар, соғыс техникалары бұрыннан бар. Мұндай механикалық аппараттарды жоятын да құралдар бар екені белгілі. Қазір олар соғыс техналогиясы ретінде жаңалық болмай қалды. Бірақ DARPA жәндіктерді басқару туралы жобаға кіріскен.
Мұндай технология MEMS деп аталады. Жоба авторлары өз технологиясын жәндіктер дамымай жатып тіпті құрт кезінде олардың ағзасына орнатады. Имплантациялан жәндіктер өсіп, жетілгеннен кейін оларды барлау немесе жауынгерлік тапсырмаларды орындауға қолданады. Сондықтан жауынгер қоңыз, шыбын және құрт-құмырсқамен күресу жақын арада шындыққа айналуы мүмкін.
5. Жасанды найзағай
Идея бойынша қуатты өндірілген электр зарядтарын берілген нүктеге бағыттау арқылы бұл техниканы жасауға болады. Оның күші табиғи найзағайдан кем түспейді. Принцип электрлі потенциалдар айырмашылығына байланысты дәліз деп аталатын құралға негізделген. Яғни, электр разряды қоршаған ортаға қарағанда аз қарсылықпен дәліз арқылы өтеді. Мұндай арнаны жасау үшін лазерді қолдануға болады.
Кейбір дәлелдерге сүйенсек, атақты ғалым және өнертапқыш Никола Тесла өткен ғасырдың басында жасанды найзағай туғызып, басқара алған. Бірақ растайтын құжаттар сақталмағандықтан, мұның қаншалықты рас екенін айту қиын.
Соңында айтарымыз, болашқтың әскери технологиялар саналатын бұл технологияның қаншалықты құдіретті болатынын тап басу айту мүмкін емес, өйткені олар қатаң құпияда сақталады.
Т. Раушанұлы