Google Chrome-дағы құпиясөздер қауіпсіздігін қалай тексеруге болады?

Google Chrome-дағы құпиясөздер қауіпсіздігін қалай тексеруге болады?
Фото: google.com

Google Chrome браузерінде "Құпиясөздер диспетчері" атты ішкі сервис бар. Ол қолданушының браузерінде сақталған құпиясөздерді өңдеп, қай құпиясөзі бөгде деректер базасына кетіп, ұрланғанын көрсетеді.

Сервис сондай-ақ, қайталанған және оңай құпиясөздерді анықтап береді.

passwords.google.com сервисін пайдалану үшін қауіпсіздік шарасы ретінде Google-аккаунттың құпиясөзін қайта жазу керек. Тексеріс аяқталған соң, Google-дың аккаунт қауіпсіздігіне қатысты өзге кеңесін алып, нұсқауларын орындауға болады.

Massaget.kz