Гироскутер – қолданысқа енгеніне аз уақыт өткеніне қарамастан, халық арасында кеңінен тараған жаңа көлік түрі. Жүруге ыңғайлы әрі қозғалысқа еш кедергі келтірмейтін, жинақы бұл құрылғы туралы не білесіз?
• Әлемде кең қолданысқа ие болғанына қарамастан, нақты бір атауға әлі ие бола қоймады. Германияда «E-Board» деп аталса, ағылшын тілді елдерде «ховерборд» деп аталады. Біздің елімізде және ТМД елдерінде «гироскутер» деген атпен танымал.
• «Ховерборд» термині алғаш рет 1967 жылы жазушы М.К.Джозефтің шығармасында қолданылды. «Келешекке оралу» (Назад в будущее) фильмінде бұл термин кең қолданысқа ие болып, халық арасына тарады. 2015 жылы «ховерборд» сөзі Оксфорд сөздігінің құрамына енді.
• «Гироскутер» орыс тілді халықтардың арасында кеңінен танымал. Бұл атау құрылғы гироскопты тетіктерден жасақталғандықтан берілген.
• Алғашқы гироскутерлер 1990 жылдары пайда болды. Ол кездері оның атауы «сигвей» болатын.
• 2014 жылдан бастап бұл құрылғыны Джастин Бибер секілді жұлдыздар жарнамалай бастады. Пиар мен жарнаманың арқасында техника саласында ең стильді жаңа құрылғы ретінде қабылданды.
• Гироскутерді үйренуге уақыт пен күш аз жұмсалады. Екі-үш минуттың ішінде қолданушы гироскутерде еркін тұра алады. Тек дененің қозғалысы арқылы басқарылады.
• Германия, Ұлыбритания секілді елдерде қоғамдық орындарда гироскутерді қолдануға тыйым салынған. Өйткені, қазіргі көлік жолдары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар бұл құрылғыға арналмаған.
• Гироскутерді таңдау барысында оның қуат көзіне назар аударған дұрыс дейді ғалымдар.
• Bluetooth көмегімен музыка қосып, серуендеуге мүмкіндік беретін гироскутерлер де бар.