- Негізгі бет
- Техно
- Ғалымдар пластиктің кез...
Ғалымдар пластиктің кез келген түрін қайта өңдеуге болатын құрылғы ойлап тапты
Аустралиялық ғалымдар пластиктің кез-келген түрін қайта өңдеуге болатын құрылғы ойлап тапты. Бұл туралы ABC телеарнасы хабарлаған.
Технологияны Лен Хамфрейс және Сидней университетінің профессоры Томас Машмейер жасаған. Ғалымдардың айтуынша, жаңа технология кез-келген түрдегі, соның ішінде, қайта өңделмейтін пластикті де қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Ғалымдар жасаған құрылғы – каталитикалық гидротермалды реактор (Cat-HTR) қайнаған суда және жоғары қысымда молекулалық деңгейде пластиктің сапасын өзгертеді.
“Реактор пластикті сұйықтыққа айналдырады, содан кейін сіз битум, бензин немесе басқа да пластиктерді ала аласыз”, - деді Лен Хамфри. Жаңа технология дәстүрлі қайта өңдеуден айырмашылығы, пластмассаны түсі немесе түрі бойынша бөлуді қажет етпейді. Реактор сүт картон қораптарынан бастап, гидрохимияға дейін бәрін өңдей алады.
Технология сынақтан өткізіліп, бүкіл әлемде қолдануға дайын екендігі айтылған.
Хэмфристің айтуынша, аустралиялықтар жылына 3,5 миллион тонна пластик қалдықтарын ысырап етеді, оның 10 пайызы ғана қайта өңделеді. Жаңа құрылғы қоршаған ортаның ластануымен күресуге көмектеседі.
Т. Раушанұлы