Америкалық ғалымдар генді өңдеу арқылы адамдарды маскүнемдіктен емдеудің жаңа әдісін тапты. Бұл туралы Futurism жазды.
Чикагодағы Иллинойс университетінің зерттеушілері алкогольді және оның миға әсерін зерттеп, генді өңдеу ересектердегі уайымды басып, алкогольді тұтыну деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді.
Ғалымдар CRISPR технологиясын тышқандардағы генді өңдеу үшін пайдаланды. Бұған дейін олар жасы 10-18 жас аралығындағы адам жасына сәйкес келетін кеміргіштердің мінез-құлқын зерттеген. Тәжірибе үшін бұл тышқандарға алкоголь берілді. Біраз уақыт өтіп ғалымдар олардың генін редакциялаған.
Ғалымдардың алдыңғы зерттеуі алкогольдің адам миына теріс әсер етіп, амигдаланың өзгерістерін тудыратынын көрсетті. Бұл есте сақтау жұмысында, шешім қабылдауда және адамның эмоционалдық реакцияларының пайда болуында маңызды рөл атқаратын мидың аймағы. Мұнда эмоциялар, әсіресе қорқыныш пен алаңдаушылық туады. Зерттеуге сәйкес, 21 жасқа дейін ішуді бастаған адамдарда әртүрлі эмоционалдық және психикалық аурулар жиі кездеседі.
"Жасөспірім шақта шамадан тыс ішу миға ұзақ мерзімді теріс әсер етуі мүмкін, бірақ генді өңдеу арқылы бұдан құтылуға болады. Бұл миды қалпына келтірудің бір түрі", - деп түсіндірді зерттеу авторы Субхаш Пандей.
Жаңа гендік-инженерлік эксперименттің нәтижесі тышқандардың лабиринттерден өткенде күшті қорқыныш пен үрей сезімін бастан кешірмейтінін, сондай-ақ олардың алкогольді ішуге деген құштарлығы да жоқ екенін көрсетті.
Генді модификациялаудың дәл осындай технологиясын адамдарға да қолдануға болады, дейді ғалымдар және бұл нәтижеге әкелуі керек. Кейбір ғалымдар тышқандар адамдардан өте ерекшеленеді және мұндай нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес деп санайды.
Бұған дейін ғалымдар көз ауруын емдеудің жаңа әдісін ойлап тапқан болатын.