Массачусетс технологиялық институты жетекшілік ететін халықаралық зерттеушілер тобы плазманы пайдалана отырып, Марста оттегі алу әдісін әзірледі. Ғалымдардың зерттеуі Journal of Applied Physics журналында жарияланды.
"Оттегі алу үшін көмірқышқыл газының молекулаларын ыдырату күрделі процесс. Сонымен қатар, тағы бір қиын мәселе – реакция кезінде алынған оттегінің газ қоспасынан бөлінуі. Плазма екі мәселені де шешуге көмектеседі", - дейді ғалымдар.
Плазма – материяның төртінші формасы. Плазмада электрондар мен иондар сияқты бос зарядталған бөлшектер бар. Электр өрістері арқылы электрондарды оңай жылжытуға болады.
Электрондар газ молекуласымен соқтығысқанда оны ыдыратып, оттегі мен газ қоспасын құрайды. Плазмадан бөлінетін жылу оттегінің шығуына көмектеседі. Ғалымдар бұл теорияны тәжірибеге сүйене отырып дәлелдеді.
Олардың пікірінше, бұл технология Марста өмір сүруге қолайлы жүйені және отынды өңдеуге, материалдар салуға және тыңайтқыштар өндіруге қажетті химиялық заттарды әзірлеуде шешуші рөл атқарады.
Айта кетейік, бұған дейін қытай ғалымдары Марста су болғанын анықтаған еді.