- Негізгі бет
- Техно
- Ғалымдар қатерлі ісікті...
Ғалымдар қатерлі ісікті 4 жыл бұрын анықтайтын тест жасады
АҚШ және Қытай ғалымдары қан талдауы нәтижесінде қатерлі ісіктің 5 түрін ауру белгілері пайда болуынан 4 жыл бұрын анықтайтын тест жасап шығарды.
Ғылыми жаңалық туралы Nature Communications журналында жарияланды.
Жаңа тест жүйесі PanSeer деп аталады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл тест асқазан, өңеш, өкпе, бауыр және колоректальды қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтай алады.
2007 және 2017 жыл аралығында ғалымдар талдау үшін 1,6 миллион қан сынамасын алды. Олар қазір Қытайдағы Фудан университетінің архивінде сақтаулы.
Тест 95 пайыздық ықтималдылықпен қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтайды. Осыған байланысты PanSeer сынағы қатерлі ісік ауруын ерте анықтауда тиімді әдіс деп айтылды.
Зерттеушілердің айтуынша, жаңа әдіс қатерлі ісік ауруының пайда болуын болжай алмайды. Ол тек белгілері әлі басталмаған, болашақта қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастарды ғана анықтайды.
Т. Раушанұлы