Ғалымдар жыртқыш робот жасап жатыр

Ғалымдар жыртқыш робот жасап жатыр
Фото: s.pikabu.ru

Швейцариядағы Цюрих университеті жанындағы Нейроинформатика институтының (INI) ғалымдары роботты басқа роботтарға шабуылдауға үйретіп жатыр.

Құрылғыны жасап жатқандардың айтуынша, жыртқыштарға ұқсас роботтарды жасау - адамдармен күнделікті өмірде жұмыс істей алатын машинаны жасауға қажетті қадамдардың бірі. Айта кетейік, швейцариялық ғалымдардың жобасы VISUALISE бағдарламасының бір бөлігі болып саналады. Оның мақсаты - жануарлардың көзінің қалай жұмыс істейтінін көрсете алатын құрылғы жасау.


Робот осылайша көре алады

Ғалымдардың айтуынша, мұндай жыртқышқа бірнеше ақпаратты бірден тез қабылдау керек. Ақпараттың біраз бөлігін көзбен қабылдауға болады екен. 

Сонымен қатар, роботты жасаушылар оларға ерекше мүмкіндіктерді қосып отыр. Ол екі негізгі элементтен тұрады: біріншісі - белгілі бір камералардың жүйесі, ал екіншісі - нейрон желілісің арнайы түрі.

Осы екі элементтің арқасында ғалымдар роботтарға нысандарды көруді үйретіп жатыр. Олардың arXiv.org сайтында жарияланған ғылыми мақаласында жануарлардың көздерінің кейбір функцияларын ұқсата алатын нейроморф камерасы туралы айтылады.

Айта кетейік, робот арнайы "кремнийлі тор қабығымен" жабдықталды.  Ол әдеттегі камера сияқты кадрлар түсіріп қана емес, шын өмірдегі өзгерістерді бақылап отыратын болады.

Жыртқыш робот ақпаратты камераның көзі арқылы, яғни терең нейрон желілері арқылы қабылдайды. Сонымен қатар, ол құрбанының әрекеттерін есте сақтайды. Ал кейінірек машина кеңістікте жақсы жұмыс істейтін болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы