- Негізгі бет
- Техно
- Ғалымдар ауаны коронавирустан...
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
АҚШ-тағы Хьюстон университетінің ғалымдары коронавирусты жоятын ауа сүзгісін ойлап тапты.
Вирустың ауа желдету жүйесі арқылы таралуы пандемиямен күресте үлкен қиындық туғызып жатыр.
Коронавирус 70 градустан жоғары температураға төтеп бере алмайды. Сүзгі авторлары осыны негізге ала отырып, 200 градусқа дейін қыздырылатын никель-көбіктен сүзгі құрастырған. Мұндай сүзгіден өтетін ауа вирустан жылдам тазарады.
Галвестон ұлттық зертханасында жүргізілген эксперименттер сүзгіден өткен ауадағы вирустың 99,8%-дан астамы жойылғандығы дәлелденген.
Ғалымдардың пікірінше, бұл тек коронавирустан ғана емес, ауадағы басқа да вирустардан арылудың тиімді тәсілі.
Зерттеу авторларының бірі профессор Джифенг Рен жаңа сүзгіні ұшақта, пойызда, әуежай мен вокзалда, круиздік лайнерде, кеңсе және мектепте қолдануға болатындығын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың ауадағы аэрозольдік бөлшектер арқылы таралуы мүмкін екенін айтқан еді.
"Қоғамдық орындарда – әсіресе өте ерекше жағдайларда, адам толы, жабық, нашар желдетілетін жерлерде ауа арқылы беру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, дәлелдерді жинау және түсіндіру қажет және біз мұны жалғастырамыз", - деген еді ДДҰ инфекциялардың алдын алу жөніндегі техникалық басшысы Бенедетта Аллегренци.
Т. Раушанұлы