- Негізгі бет
- Техно
- Ғалымдар алғаш рет...
Ғалымдар алғаш рет жасанды жұлын өсіріп шығарды
Әлемде алғаш рет израильдік зерттеушілер жұлын жарақатын емдеуге арналған бірегей имплант жасап шығарды. Бұл туралы Jerusalem Post жазды.
Тель-Авив университетінің Сагол регенеративті биотехнология орталығының ғалымдар тобы адамның 3D жұлын тіндерін жасап, оларды ұзақ мерзімді созылмалы сал ауруы бар зертханалық модельге имплантациялады. Сонымен, жұлынның дизайнын жасау үшін зерттеушілер адам жасушаларын пайдаланып, оларды жануарларға имплантациялады. Нәтиже көрсеткендей, сынақтардың 80 пайызында жүру қабілеті қалпына келген. Бұл жұлын адам эмбриондарындағы жұлынның дамуын қайталайды.
"Біздің технология науқастан іш қуысының май тінінің шағын биопсиясын алуға негізделген. Жасушаларды жасушадан тыс матрицадан бөлгеннен кейін біз оларды генетикалық түрде қайта бағдарламалаймыз, яғни эмбриональды дің жасушаларына ұқсайтын күйге қайтарамыз. Қысқаша айтқанда, жасушан қозғалтқыш нейрондары бар нейрондық желілердің үш өлшемді импланттарына трансформацияланады", - деп түсіндірді зерттеу жетекшісі, профессор Тала Двир.
Ол ғалымдардың мақсаты әрбір сал ауруына шалдыққан адамға жеке жұлын импланттарын жасау екенін, бұл жұлынның зақымдалған тіндерден бас тарту қаупінсіз қайта қалпына келуіне мүмкіндік беру екенін айтты.
"Өте ерте жаста жарақат алған адамдар өмірінің соңына дейін мүгедектер арбасында отыруға және сал ауруына байланысты әлеуметтік, қаржылық және медициналық шығындарға тап болады", - деді ол.
Қазір сарапшылар зерттеудің келесі кезеңіне дайындалуда. Енді олар адамдарға клиникалық сынақтар өткізуді жоспарлап жатыр. Олар бірнеше жыл ішінде сал ауруына шалдыққан адамдарға жасанды тіндер қондырылып, қайта тұрып, жүруіне мүмкіндік болады деген ойда.
Осыған дейін сал ауруына шалдыққан адам миы тудыратын электр сигналдарын шешетін технологияның көмегімен алғаш рет адамдармен сөйлесе алған болатын.
Т. Раушанұлы