Ғаламтордан киім сатып алушы киімін үйден тегін өлшейтін болды

Ғаламтордан киім сатып алушы киімін үйден тегін өлшейтін болды
Фото: vk.com

Барша әлем қолданатын Amazon онлайн-дүкені жаңа prime wardrobe қызметін ұсынады. Оның негізгі мақсаты: сатып алушыларға киімді өлшеп көру мүмкіндігін беру. Яғни, сіз ғаламтор арқылы тапсырыс берген киімді компания қызметкері есігіңіздің алдына дейін алып келеді және  оны өлшеп, алатын-алмайтыныңызды шешу үшін 1 апта уақыт береді.

Ақысын сәйкесінше тек сатып аламын деп таңдаған киімдерге ғана төлейсіз. Ал, барлығы бірдей ұнамай жатса, қорапшасына салып есік алдына шығарып қойсаңыз, қызметкер 1 аптадан соң қайта алып кетеді. Бұл қызмет тегін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, егер 3 тауар алсаңыз 10 %, ал 5 киім үшін 20 % жеңілдік болады. 

Қазіргі таңда аталған қызметті тек Prime Amazon бағдарламасының қолданушылары ғана пайдалана алады. Оған тіркелу жылына $ 99 доллар тұрады. Ал, жаңадан тіркелуге ниеттілер үшін 1 ай тегін пайдаланып көруге мүмкіндік беріледі. Егер ұнамаса, ақылы тіркелмесеңіз де болады.

 

А. Оралқызы