- Негізгі бет
- Техно
- Ғаламтордағы топтық жұмыс...
Ғаламтордағы топтық жұмыс
Адамдардың табысты болуына әсер ететін дағдылардың арасында топтық жұмыс істей білу бірінші орында тұр. Өйткені, адамдармен оңай қарым-қатынас орнататын адамнан жақсы кәсіпкер шығады. Қоғамда бұл қасиетке ие адамдар өзгелерді өздеріне сендіріп, келісімшарт жасау кезінде қиындықтарды жеңе алады деген пікір қалыптасқан. Бірақ, екі бөлек ортада отырып та, топтық жұмысты атқара беруге болатынын да естен шығармаған жөн. Бірге жұмыс істеу үшін қазір бір мекемеде бас қосып немесе бала күндегідей бір-бірінің үйіне барып уақыт өткізудің қажеті жоқ. Енді интернеттің көмегіне жүгіне отырып, бірнеше істі бір уақытта атқаруға болады.
Notejoy – құжаттармен жұмыс жасайтын адамдарға арналған сайт. Яғни, бір ғана негізге сүйене отырып жасайтын құжаттарды бір уақытта бірнеше адам түзете алады. Олар өздерінің мәліметтерін енгізіп, қажетсіз ақпараттарды алып тастай алады.
Бұл сайт – мамандардың ойынша ең ерекше көмекші құрылғы. Платформа өзге қызметкерлер енгізген құжаттарды тауып, оларда орын алған өзгерістерді бақылауға септігін тигізеді. Бастысы, бұл қызмет үлгісі қарапайым интерфейске ие және Evernote стилінде өңдеу жұмыстарын ұсынады.
Қызметтегі құжаттар арнайы сөрелерге жіктеледі. Оның негізгі авторы сол құжатты енгізген адам болса да, оған өтуге өзге қызметкерлердің мүмкіндігі болады. Тіпті, сіз сөреге шағын хабарландыру жазсаңыз, оны барлық қызметкерлер сол уақытта көреді.
Сонымен қатар, платформаның басты ерекшелігі іздеу жүйесінің құрылымы жылдам әрі қарапайым үлгі бойынша құрылуында. Іздеу барысында сөзді еңгізсеңіз болды, сол сөз кездесетін барлық құжаттың тізімі шығады.
Топтық жұмыс кезінде сіздің ортақ чатқа өтуге мүмкіндігіңіз болады. Онда ескертулер қалдырып, ұсыныс тастай аласыз. Өзге қызметкерді қос үшін айқұлақ (@) белгісінің жанына почтасын жазсаңыз болды.
Бастапқыда Notejoy өзге құжаттармен жұмыс жасайтын қызмет түрлерінен еш айырмасы жоқ секілді көрінеді. Бірақ, бұл бағдарламада «Google Диск» және Microsoft Office қызметтерінен суреттер, тізім мен кестен жүктеуге болады.
Т. Есқали