- Негізгі бет
- Техно
- Галактикамыздағы ең қызықты...
Галактикамыздағы ең қызықты 10 ғаламшар #1
Құс жолы – құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Ойлап көріңіз әр жұлдыздың айналасында қанша планета болуы мүмкін. Карантиннен шаршаған болсаңыз сізді ғарышаралық саяхатқа шақырамыз.
Үш Күні бар планета
Күннен шамамен 22 жарық жыл қашықтықта LTT1445Ab атты планета орналасқан. Оның айналасында Күн сияқты үш жұлдыз бар. Планета Жерден шамамен 1,35 есе үлкен және 8 есе ауыр. Ол үш Күннен Жерге қарағанда 5 есе көп радиация алады.
Планета емес, нағыз солярий
Бұл экзопланета соншалықты алыс емес болғандықтан (кейбір планеталар Күннен жүздеген жарық жыл қашықтықта) астрономдарға оның атмосфераның құрамын мұқият зерттеуге керемет мүмкіндік береді. Қазір ғалымдар аталған планетада тіршілік белгісі бар-жоғын тексеріп жатыр. Бірақ "үш Күні бар паланетада жоғары радияцияның кесірінен қандай да бір тіршіліктің болуы мүмкін емес", - дейді зерттеушілер.
Адамзат басқа ғаламшарларда өмір сүре ала ма?
Айта кетейік, бір жарық жылы жарықтың бір жылда жүріп өтетін арақашықтығы. Ол – 10 триллион шақырымға жуық немесе 3,25 парсекке тең.
Жерге қатты ұқсайтын планета
Қазіргі кезде бізге белгілі барлық экзопланеталардың ішінде Жерге қатты ұқсайтыны 4 жыл бұрын табылған – Kepler 438b. Оның тіпіт қызыл ерегежейлі деп аталатын кішкентай өз Күні бар. Адамзат бұл планетаға ұшатын болса арадан 470 жарық жыл өткен соң ғана жетеді. Ғалымдар бұл ғаламшарға қатты үміт артып отыр. Себебі, бұл планетада Жердегідей тіршілік белгісі болу үшін қажеттіліктің барлығы бар. Kepler 438b қатты ыстық та емес қатты суық та емес. Қазақшалап айтқанда Kepler 438b қоңыр салқын ауа райы бар ғаламшар. Ауа райы шамамен 0-ден -60 градусқа дейін.
Ғаламшардың массасы толығымен ашылмаған, ғалымдар ол Жерден 1,4 есе үлкен
Бұл деректер аталған ғаламшарда бір тіршілік иесінің барына сендіретін секілді. Асықпаңыз. Уорик университетінің (Ұлыбритания) ғалымдарының зерттеуі бойынша, Кеплер-438б ғаламшарының атмосферасы қызыл ергежейлі Кеплер-438 сәулесінің әсерінен зардап шегеді. Ондағы супержарықтар бірнеше айда бір рет қайталанады және оның жарығы Күнде бұрын-соңды болмаған жарқылдан 10 есе күшті. Бұл планетада белгілі бір тіршіліктің болуына күмән тудырады.
1 жылы Жердегі уақытпен тең ғаламшар
Kepler 452b планетасы 2015 жылы Кеплер ғарыштық телескопы арқылы табылды. Бұл бізден 1400 жарық жылы қашқтықта орналасқан суық ғаламшар. Планетаның радиусы Жердің радиусынан сәл үлкенірек, ондағы бір жыл 385 күнге тең.
Бұл планетада күн де суық емес, ауа райы да жақсы
Ғаламшар бетіндегі температура -20-дан +10 градусқа дейін болуы мүмкін Бұл судың сұйық күйінде болуын қамтамасыз етеді.
Жерге ең жақын экзопланета
Proxima-b планетасы, сонымен қатар Проксима Centauri b деп те аталады, ол Жерден небәрі 4,2 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Адамзат оған былтырға дейін ұшып баруға үмітті болып және бұл ғаламшарда белгілі бір тіршілік иесі бар болуы мүмкін деп есептеп келді.
Бірақ ғалымдар Проксима Сентаверидің жұлдызы (осы планетаның еркейжелі "Күні") аталған ғаламшарға орасан зор мөлшерде жарық шашқанын анықтады. Бұл жарық Күн жарығынан 10 есе күшті болып, егер Proxima b планетасында тіршіліктің кез келген түрі болатын болса, оны жойып жіберген болуы мүмкін.
Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары
Қазіргі уақытта жаңа телескоптар құрастырылып жатыр. Олар бізге Проксима Центавра b ғаламшарын бұдан да нақты зерттеуге мүмкіндік береді. Астронамдардың пайымдауынша, бұл планетада магнит өрісі болуы мүмкін.
Бетінде мұхиты бар планета
Кеплер 62f планетасы қызғылт сары ергейжейлі "Күннің" айналасында орналасқан. Кеплер 62f бізден 1200 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Бұл планетаның орташа температурасы -30 градус. Климаты салыстырмалы түрде тұрақты болғандықтан, ғалымдар оның мұзды қыртысының астында аумағы Еуропа құрлығындай мұхит жатыр деп санайды.
Бірақ бұл мұхит жүзуге арналмаған
Бұл планетаның ерекшелігі – түнде түрлі түсті шұғылаларды көре аласыз. Планета өзінің ергейжелі сары күнін 267 күнде айналып шығады. Бұл Жердегі уақытқа қарағанда 98 күнге аз. Бір жақсысы бұл планетаға жетіп алсаңыз Жаңа жылды жиі атап өтетін боласыз.
жалғасы бар...
Т. Раушанұлы