- Негізгі бет
- Техно
- Гаджеттердің бұзылуына әкелетін...
Гаджеттердің бұзылуына әкелетін 10 қате
Қазіргі кезеңде телефон ең сенімді серігімізге айналды. Оның сапалысын сатып алуға тырысамыз. Бірақ смартфон мен ноутбуктердің қандай сапалысы болсын дұрыс қолданбағандықтан тез бұзылады. Күнделікті өмірімізді, жұмысты және оқу тапсырмаларын жеңілдетуге ықпал ететін гаджеттердің ұзақ жұмыс істеуі үшін кейбір қателіктерден аулақ болуды білген дұрыс.
Қызғанына мән бермеу
Жоғары температура батареяны зақымдауы және құрылғыдағы кейбір ішкі элементтердің кеңеюіне әкелуі мүмкін. Осы себепті аптап ыстықта ноутбукты көлікте қалдырмаған дұрыс. Қалдырсаңыз да компьютердің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Қолды жумау
Біз компьютерді немесе ноутбукты пайдаланған кезде қол жуу керегін ұмытып кетеміз. Егер қол жеткілікті түрде таза болмаса, кір мен май бірнеше жыл бойы жиналып техниканы істен шығарады. Қол әсіресе, сенсорлармен жұмыс істегенде таза және құрғақ болуы керек.
Ноутбукты дұрыс жаппау
Ноутбукты дұрыс ашып-жабудың өз әдісі бар. Ол үшін жоғарғы және ортасынан ұстап тұрып жабу қажет.
Жұмсақ заттар үстіне қойып жұмыс істеу
Ноутбукты төсекке немесе жастыққа қойғанда, желдету бітеліп, жылу сыртқа шықпай қалады. Қызып кету ішкі компоненттердің істен шығуына әкеледі. Егер төсекте жұмыс істеуге тура келсе, ауаның ауа айналымына кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
Ноутбукты қаптамау
Компьютерлер сызаттардан қалпына келмейді. Сондықтан телефон сияқты оғанда қаптама сатып алу керек. Оның сапасы жабдықты шаңнан және шамалы зақымданудан қорғайды.
Күн сәулесінен қорғамау
Күн астында телефонды ғана емес, компьютерді де қалдыруға болмайды. Телефон негізінен ыстыққа сезімтал екі материал – металл және шыныдан құралады. Күн сенсорлық экранды қыздырады, содан кейін гаджеттегі кейбір бағдарламалар әдеттегідей жұмыс істемей қалады.
Дұрыс қуаттамау
Қуаттау кезінде телефоныңызды жұмсақ заттар үстіне қоймаңыз. Бұл да смартфоныңызды тез қыздырып, өрт қаупін туғызады. Бәріміздегі әдет телефон қуаттау құрылғысын ұмыт қалдырып, орнына қажет кезде арзан қуаттау құрылғысын сатып алып пайдаланамыз. Арзан қуаттау құрылғылары смартфонды ұзақ қуаттайды. Нәтижесінде телефон қызады. Бұл да телефон "өліп" қалуының бір себебі екен.
Телефон қуатын қызылға дейін пайдалану
Үнемі телефон қуатын "қызылға" түсіріп жүру жақсы әдет емес. Телефоныңызды мұншалықты зорықтырмаңыз. Мамандардың айтуынша тек екі айда бір рет қана телефон қуатын 0 пайызға дейін пайдалану керек. Бұл профилактика үшін де қажет.
Ұшу режимін пайдаланбау
Біз бұл режимді көбінесе ұшақта болған кезде қолданамыз. Бірақ оны ұялы байланыс және Wi-Fi жоқ жерлерде де қолданған жөн. Өйткені телефон кез келген нәрсені іздеу үшін энергияны пайдаланады. Осыны ескере отырып, ұшу режимін пайдалану ұсынылады.
Үздіксіз пайдалану
Ноутбуктарды пайдаланбаған кезде өшіру қажет. Бұл телефонға да қатысты. Сондықтан аптасына бірнеше минут телефонды өшіруді ұмытпаған жөн. Сонда гаджеттер сізге ұзағырақ қызмет етеді.
Т. Раушанұлы