ASUS және Google компаниялары бірігіп "Chromebit" атты флешканың көлеміндей ғана компьютер жасап шығарды. Бұл кішкентай компьютер сіздің "үлкен" процессорыңыздағы барлық қасиетті бойына сіңірген. Оның жұмыс жасауы үшін тек қана теледидар немесе монитор керек. Кішкентайлығына қарамастан, бұл компьютерге Chrome OS жедел жүйесі орнатылған.
Сhromebit компьютерінің техникалық мінездемесіне тоқталар болсақ, компьютер 1,8 ГГц жиілігімен жұмыс істейтін "Rockchip 3288" атты төртядролы процессормен жабдықталған. Ал графикалық жылдамдатқышы Mali-760, жедел жадының көлемі 2 ГБ, ал қосалқы жады 16 ГБ-қа тең.
Сондай-ақ, USB 2.0, Wi-Fi 802.11ac және Bluetooth 4.0 сынды модульдердің жаңартылған нұсқасымен қамтамасыз етілген. Қуатты тұтынуы межесі 3 Вт-қа есептелінген. Аталған өнімнің нақты қай көлемдегі дисплеймен жұмыс жасайтыны әзірге белгісіз. Және бұл құрылғының толыққанды жұмыс істеуі үшін дисплейден бөлек пернетақта мен тышқан керек болады.
Бағасы 99 АҚШ долларын құрайтын бұл туынды сатылымға осы жазда шығарылады. Google "Технология әлеміне үлкен жаңалық әкелдік, алдағы уақытта басқа да компаниялар осы тектес құрылғыларды сәл өгеріске түсіріп өндіріске шығаратын болады" деп, болжау жасауда.
Сурет: images02.futurezone.at, media2.giga.de, geektopia.es, fr.cdn.v5.futura-sciences.com.