- Негізгі бет
- Техно
- Facebook туралы қызықты...
Facebook туралы қызықты деректер
Facebook – әлемнің миллиондаған нүктесін ұштастырып отырған ірі әлеуметтік желі. Ашық пікір алаңына айналған желінің тарихы және негізін қалаушысы Марк Цукерберг туралы қызықты деректерге қаныққыңыз келе ме?
– Егер Facebook-тен қате тапсаңыз, Марк Цукерберг сізге 500-20 000 АҚШ доллары аралығында ақшаны сыйға тартады.
– Google-ге қарағанда Facebook күніне екі есе көп қолданылады.
- Сіз тек Марк Цукербергтің парақшасын еш уақытта бұғаттай алмайсыз. Ал егер бірнеше рет қайталасаңыз, парақшаңызбен қоштаса беріңіз.
– Facebook тек көк түспен безендірілген, өйткені қызылды-жасыл түстен Марктің көзі ауырады.
– Сирия, Иран елдерінде Facebook-ке кіруге тыйым салынған.
– Facebook айына 12,6 сағат уақытыңызды ұрлайды. Есесіне Марк минутына 450 доллар табады.
– Марк Цукербург Қытай еліне күйеу бала болса да, Қытай Facebook қолдануға тыйым салғалы қашан?! Бұл бай жігітпен танысу үшін кітабын сатып алдым... Әңгіме былай, Марк Цукерберг 2004 жылы Гарвард университетінде оқып жүріп, Facebook әлеуметтік желісін жасаған. Бөлмедегі достары Эдуардо Саверин қаржылай қолдаса, Дастин Московиц деген көп ұйықтайтын жігіт техниканың маманы ретінде ат салысқан. Гарвардтың 3 түлегі небәрі 9 күнде ірі желінің негізін қалаған. Сонымен үш жүгірмек сайтты сынау үшін университеттегі ең әдемі бойжеткендердің суреттерін «қайсысы әдемі» деп, дауыс беру арқылы байқап көрген. 4 сағат өткенде парақшада мыңнан астам таңдау жасалған.
Ол ол ма, Марк қызық болсын деп мұғалімдердің де суретін неше түрлі айла мен сарказм арқылы суреттеп дауысқа салған. Үлкен жиналыс болып сайтты жауып тастаған Гарвард басшылығы бір аптада студенттер атынан түскен шағым мен арыздан көз ашпады. Фейсбуктің ауыздығы алынып, қыза түсті. Үш айдың ішінде қаланың жартысы тіркеліп үлгерген. Facebook сағат санап дамыды. Мұны байқаған Марк қомақты қаржы демеушілерін іздестіруге асықты. Марк сенді, университеттен шығып, барлық қаражатын Facebook-ке инвестициялады. Қаржылай қолдайтын кәсіпкерлермен келісті, соңына дейін күресті. Содан екі жыл өткенде, яғни 2006 жылдың қыркүйегінде 16 жасқа толған кез келген адам тіркеле алатындай, барлығына қолжетімді болып жасалды. Әлемнің ең мықты қыбыжыңы «Microsoft» компаниясының атқарушы директорі Марк Цукербурктің офиціне келіп, сыртқа серуендеуге шақырып Facebook үшін 15 млрд доллар ұсынды. Алайда намысшыл Марк Facebook-тің болашағына сенді.
– Цукербургтің әлеуметтік желісі араға 10 жыл салып аудиториясы 1,4 млрд қолданушыны құрады. Иә, Фейсбук – Марк Цукербургті планетаның ең жас миллиардері деңгейіне бірақ шығарды. Осылай жалғаса берсе, әлемдегі ең бай адам тізімін өзгертері сөзсіз.
Қасеке Нұрсұлтан
Г. Берік