Словения дизайнерлер мен инженерлері Еуропа әуежайларында ұйықтап демалу үшін арнайы капсулаларды жасап шығарды. Airpods модулі сыртынан қарағанда футуристик дрэгстерлерге (жарысқа қатысатын автомобильдер) ұқсайды. Саяхатшылар бұл капсула ішінде телефон қуаттауы, Wi-Fi-ға қосылуы және кино көру мүмкіндігіне ие болады. Бұл демалатын көлік сыртқы дыбыстардан қорғалған болып, саяхатшылар сырттағы оқиғаларды тек монитор арқылы тамашалай алады. Капсула автоматты түрде адамның ұшу уақыты жақындағанынан хабардар етеді. Бұл құрылғы үстінде тағы да қосымша жұмыстар атқарылуы керек дейді мамандар. Бірақ алғашқы капсулалар осы жылдың өзінде-ақ Еуропаның кейбір әуежайларында орнатылуы жоспарланып жатыр.