- Негізгі бет
- Техно
- Енді селфиді аяқ-штативпен...
Енді селфиді аяқ-штативпен жасайды
Фото:
vk.com
Quin Media Group аталатын британиялық компания жаңа өнім ұсынды. Гарнитура SelfieFeet деген атауға ие болды. Оның жұмыс істеу принципі бойынша адам өз аяғын штатив ретінде пайдалану арқылы түрлі ракурстағы фотосуреттер жасай алады.
SelfieFeet бандажды бекіткіш, холдер және Bluetooth арқылы байланысатын дистанциялық пульттен құралады. Фотосурет түсіру үшін алдымен телефонды аяққа қондырып, кейін, қажетті ракурсты тапқан соң, пультті басу керек.
Quin Media Group компаниясы өкілдерінің айтуынша, олар ұсынатын өнім селфи-таяқшаға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Сондай-ақ, селфи-таяқша көптеген қоғамдық орындарда пайдалануға ыңғайсыз.
Жаңа SelfieFeet шілде айының аяғында сатылымға шығады деп жоспарланып отыр.
А. Оралқызы