- Негізгі бет
- Техно
- Енді адамдар ойы...
Енді адамдар ойы арқылы электрон техниканы басқара алады
Америкалық Synchron стартап адам миына чип орнатуға рұқсат алды. Бұл чип сал ауруына шалдыққан адамдарға электронды құрылғыларды ойдың күшімен басқаруға мүмкіндік береді.
Synchron бұл чипті алғаш рет 2016 жылы көрсетті. Стартап Аустралияда төрт адамға сәтті сынақ өткізді. Эксперимент кезінде қатысушылар ойдың күшін қолдана отырып, интернет-дүкендерде сауда жасады, әлеуметтік желілерде жазды және электронды поштамен хат жіберді. Сынаққа қатысушылардың барлығы сал ауруына шалдыққан адамдар болды.
Synchron бұдан кейін де бірнеше түрлі сынақты өткізді.
Synchron бас директоры Томас Оксли: "Бұрын шешілмеген қауіпсіздік мәселелері бар, оның ішінде киберқауіпсіздік, бұл біздің талқылауымыздың маңызды бөлігі", - деді.
Компания сал ауруына шалдыққан науқастарға компьютерлік курсор сияқты сандық құрылғыларды өз ойлары арқылы басқаруға көмектесу үшін Stentrode деп аталатын құрылғыны миға орналастыруды жоспарлап отыр. Имплант кішкентай сым арқылы кеудедегі екінші имплантацияға қосылу арқылы жұмыс істейді. Содан кейін таратқыш сигналдарды дененің сыртына, науқастың жанындағы компьютерге жібереді.
Чипті мойын омыртқасына қан тамырлары арқылы орналастырады.
Осы жылдың соңында Synchron АҚШ-тағы зерттеулеріне алты пациентті енгізуді жоспарлап отыр.
Synchron чиптері нарықта үш-бес жылдан кейін пайда болуы мүмкін.
А. Оралқызы