WhatsApp мессенджеріне енді жарнама енетін болды. Бұл ақпаратты компанияның бас директоры Крис Дэниелс ресми түрде хабарлады. Компания басшылығының мәлімдемесі бойынша, олар бұл әрекетке мессенджердің қолдану аясын кеңейту үшін барып отыр. Жарнамалық баннер Статус бөліміне орналастырылмақ. Бұл статустар дәл Instagram желісіндегі стористің қызметін атқарады. Статусқа салынған материал 24 сағат көрініп тұрады. Кей сарапшылардың пайымдауынша, бұл бөлім WhatsApp-қа жарнаманы кіргізу үшін арнайы орналастырылған. Мессенджердің бүгінгі басшыларына дейін компанияда қызмет атқарған топ жарнама орналастыру мәселесіне қарсылық білдірген еді. Осыған байланысты, мессенджердің негізін қалаушылар да Facebook басшылығымен келісе алмай, соңында қызметтерінен кетіп тынды.