- Негізгі бет
- Техно
- Енді Apple Watch...
Енді Apple Watch арқылы кітап оқуға болады
Фото:
TunesKit
Apple компаниясының өнімі Watch OS 5 операциялық жүйесімен жұмыс жасағалы бері ақылды сағат арқылы аудиокітап тыңдауға мүмкіндік туды. Бұл туралы Engadget интернет басылымы хабарлады.
Аудиокітапты смартфонның көмегінсіз басқаруға болады. Ол үшін қос құрылғыда да Bluetooth қосылып тұру керек. Сағаттың шағын экраны арқылы қолданушы бірнеше кітап тізімінің ішінен керекті кітапты таңдап, оның дауысын, оқу жылдамдығын өзгерте алады.
Еске сала кетейік, Apple компаниясы 12 қыркүйек күні жаңа мүмкіндіктерге ие Apple Watch Series 4 ақылды сағатын ресми түрде таныстырды.
А. Қажиев