Ең тиімді смартфондар рейтингі

Ең тиімді смартфондар рейтингі
Фото: gadgetmatch.com

AnTuTu бенчмаркының мамандары 2019 жылдың наурыз айына дейін шыққан смартфондар арасында баға мен сапа қатынасы бойынша ең тиімді смартфондар рейтингін жариялады. Рейтингке біраз қытайлық модельдер енген және олар бірнеше категорияға бөлінген: бюджетті сегменттен бастап, соңғы флагмандарға дейін.

60 мың теңгеге дейін

60 мың теңгеге дейінгі категорияда қытайлық смартфондар өте көп. Redmi Note 7 (3+32 ГБ) сапа мен баға бойынша ең үздік смартфон атанды. Сондай-ақ үздік үштікке Lenovo K5 Pro пен Meizu Note 8 енген. Ал рейтингтің ондығына Redmi 6A, Honor 8C, Honor 8А, Redmi 6, Lenovo S5, Meizu V8 және Lenovo K5 Note смартфондары кірген.

60 мың-120 мың теңге

60 мың-120 мың теңге категориясында Meizu V8 (4+64 ГБ) смартфоны үздік атанды. Қалған смартфондар тізімі:

• Xiaomi Mi 6X
• Lenovo Z5s
• Huawei Nova 2s
• Nubia Z18 mini
• Xiaomi Mi 8 SE
• Vivo Z1
• Honor Play
• Vivo Z3
• Lenovo Z5

120 мың-180 мың теңге

Бұл категорияда Xiaomi Mi 8 (6+64 ГБ) моделі күмәнсіз үздік атанды. Одан кейін Xiaomi Mi 9 (6+128 ГБ) смартфоны жайғасқан. Үшінші орында – Meizu 16th (6+64 ГБ). Қалған үздік ондыққа Nubia Red Magic Mars, Nubia Z18, Xiaomi Mi MIX 2S, Xiaomi Mi 8 Explorer Edition, Honor V20, Xiaomi Mi 8 Screen Fingerprint Edition және Nubia Red Magic смартфондары енген.

180 мың теңгеден жоғары

Қымбат смартфондар арасында Xiaomi Black Shark (8+256 ГБ) моделі озық шықты. Екінші орын Meizu 16th Plus (8+128 ГБ) құрылғысында, үшінші орында – Black Shark Helo (8+128 ГБ). Олардан кейін Xiaomi Mi MIX 3, Nubia X, OnePlus 6T, OnePlus 6, Honor Magic 2, Huawei Mate 20 және Vivo NEX Ultimate смартфондары орналасқан.

Massaget.kz