Дрондарды құрылыс нысандарында пайдаланудың артықшылығы

Дрондарды құрылыс нысандарында пайдаланудың артықшылығы
Фото: unearthlabs.com

Әскери қажеттіліктен ойлап табылғанына қарамай дрондар қазіргі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Олар өндірістің көптеген салаларында, негізінен киноиндустрияда кеңінен қолданылады.

Бұл ұшусысыз басқарылтын құрылғылар ауыл шаруашылығы мен құрылыс секілді көптеген салаларда маңызды рөл атқарып келеді. Дрондардың құрылыс саласына қосатын пайдасы ұшан-теңіз. Бұрын оларды айналаны күзету үшін ғана қолданатын еді. Енді оларды конструкцияларды құру, уақытында нысандарды тексеру және құрылысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында да пайдаланады.

©globaltec.com

Дрондар ғимараттарды сканерлеу (олардың кейбіреулері рентгендік сәулелерімен жабдықталған) және 3D карталарына арналған маңызды деректерді жинау сынды маңызды жұмыстарды атқарады.

Жыл сайын шамамен адам өлімінің 20 пайызы құрылыс нысандарында орын алады екен. Ал дрондар адам өлімін қысқарта алады. Олар құрылыс нысандарындағы қауіпті аймақты тексеру, қажетті тауарды жеткізу сынды жұмыстарды атқара алады. Мысалы, Amazon Prime Air берілген тапсырыстарды 30 минут ішінде тапсырыс берушіге жеткізеді. Егер дрондарды құрылыс нысандарында керекті аспаптар мен материалдарды жеткізуші ретінде қолданатын болсақ, адам өлімі, жарақат алу сынды келеңсіз оқиғалар азаятын еді. Сонымен қатар дрондар жұмыстың тиімділігін арттырады.

©technocrats.com

Дрондар:

• Түрлі материалдар: сым, металлдарды тасымалдау;
• Құбырларды стратегиялық орналастыру;
• Бұранданы бекіту;
• Адамдарға қауіп төнетін аймақтарда жұмыс атқару сынды мүмкіндіктерге ие.

Сонымен қатар олар қабырға артын көру, материалдарды сканерлеу және көрінбейтін конструкциялардың 3D карталарын жасау сынды қызметтер атқара алады. Бұл технология ыңғайлы модельдерді құруға ғана емес, биік ғимараттар мен көпірлер сияқты қауіпті құрылымдарды қауіпсіз бақылауға мүмкіндік береді.

Т. Раушанұлы