- Негізгі бет
- Техно
- Діріл күші: Huawei-дың...
Діріл күші: Huawei-дың акустикалық экранының мүмкіндігі
Статистка бойынша, әр он қазақстандықтың тоғызы Huawei жайлы біледі. Себебі бұл марканың өнімдері әр жаңа желі сайын жаңашыл технологияларды ұсынып отырады.
Сондай жаңа технологияның бірі – 2019 жылы шыққан акустикалық экран. Ол Huawei P30 Pro смартфонына дәстүрлі динамик орнына орнатылған, яғни көпшілік үйренген дыбыс динамигі жоқ. Технология акустикалық левитация принцибімен жасалған. Яғни, экрнанның дірілі құлаққа проекцияланады. Бұл технология арқасында дыбыс бұрынғыдан да жарқын шығатын болады.
Физика мен биология тұрғысынан, смартфонда динамиктің жоғы аса таңқалатын жайт емес. Адамның сүйегі мен терісі дыбысты жақсы өткізеді. Құлақ жарғағы сырттан келетін кез келген тербелісті сезе алады. Сондықтан инженерлердің ойынша, акустикалық толқындардың діріл генерациясын қолданбау – қылмыс.
Қарапайым динамик дыбыс шығару үшін сәулелендіргіш мембранасын қолданады. Оның проблемасы да сол – мұндай дыбыс өзгелерге де естіледі. Біраз смартфонның дауысзорайтқышы төменге бағытталған, демек ол таратқан дыбыс бөлмеде тез сейіледі. Huawei P30 сериясын жасамас бұрын дәл осы дыбыстың өзгеге естілмейтін қабілетін ойлады. Экран динамик ретінде қолданылса, дыбыс толқыны жинақы болады, сондықтан өзгелер динамиктегі дыбыстарды ести алмайды.
Акустикалық динамиктің тағы бір артықшылығы – ол корпустағы динамикке арналған ойықтардан ада, шаң-тозаң кірмейді. Сондай-ақ смартфон дисплейінің жақтаулары да бірыңғай, жіңішке болып жасалған. Бұл Huawei P30 Pro дизайнына оң әсер етпей қоймайды.
Еске салайық, былтыр Еуропалық EISA бірлестігі Huawei P20 Pro смартфонын 2018 жылдың үздік смартфоны деп таныған еді. Тәуелсіз сарапшылар құрылғының дизайны, әйнегі, дисплейі және үш негізгі камерасын жоғары бағалаған еді. Биылғы жаңа P30 Pro былтырғыдан да жоғары баға алады деген болжам бар.
Серіктес материалы
Massaget.kz