Электр машиналары қара алтын біткен заманда жанармаймен қозғалатын теміртұлпарлардың орнын басатыны даусыз. Кез келген ірі мегаполисте (сонымен бірге біздің елде де) Tesla электромобильіне арналған зарядтағыш станцияны таба аласыз. Шындығында, қазіргі заманғы электромобильдердің негізгі проблемаларының бірі батарея сыйымдылығында. Олар әлі де біз қалағандай қуатты емес. Максимум батерея қуаттылығы 500 шақырым ғана.
Алайда, британиялық инженер Тревор Джексонның өнертабысының арқасында бәрі өзгеруі мүмкін.
Электрлі автомобиль аккумуляторларын қалай қуатты етуге болады?
Тревор Джексон туралы ештеңе естімеген боларсыз. Ол Rolls-Royce, BAE Systems (қару-жарақ, ақпараттық қауіпсіздік, аэроғарышты дамытумен айналысатын Ұлыбританияның қорғаныс компаниясы) сияқты компанияларда инженер болып жұмыс істеген. Сонымен қатар әскери-теңіз күштерінде офицер ретінде қызмет еткен.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, 2000-шы жылдардың басында Джексон мырза дәстүрлі литий-ионды батареялары ескіргендіктен осы технологияны қандай да бір түрде өзгерту қажет деп санаған. Ол литий-иондық аналогтардан гөрі алюминий негізінде сыйымдылығы жоғары аккумулятор жасауды қолға алған. Сонымен қатар, Тревор Джексон экологиялық таза затты электролит ретінде қолдануға шешім қабылдаған. Даму үшін 18 жылға жуық уақыт қажет болды. Осы уақыт аралығында британдық кез-келген салада қолдануға болатын экологиялық таза батареяны ойлап тапты.
Инженер 10 жыл бұрын электрификация саласындағы компанияларға өз құрылғысының прототипін көрсеткен. Бірақ бұл жаңалығы автомобиль индустриясының қысымына ұшыраған. Олар аталған батереяны сенімсіз нәтижесі төмен деп есептеген.
Инженердің айтуыша, оның аккумуляторы литий-иондығымен салыстырғанда килограмына 9 есе көп электр қуатын өндіреді. Мысылы, Tesla Model S-тегідей Джексон акуммуляторын электрокарыңызға орнатсаңыз, онда электромобильдің қуаты 600-ден 2400 шақырымға дейін артады.
“Менің эксперименттерімдегі жаңа серпіліс жаңа электролит формуласын ойлап тапқан кезде басталды. Олар улы емес. Мен тіпті оның қауіпсіз екенін дәлелдеу үшін инвесторларға көрсеткен кезде іштім”, - дейді Тревор Джексон.
Электролит қауіпсіздіктен басқа тағы бір маңызды артықшылығы бар – ол төмен сапалы металмен жұмыс істей алады.
2017 жылы Ұлыбританияның сауда және инвестициялар бойынша мемлекеттік агенттігінің тәуелсіз сараптамасы Джексон аккумуляторы шын мәнінде “көрсетілген техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді және сенімді технологияға негізделген” деген қорытындыға келген.
Инженер Британдық Austin Electric компаниясымен аккумулятор шығаратын бірнеше миллион долларлық келісімшартқа қол қойған. Әрине, ешкім оларды бірден электр машиналарына орнатпайды. Алдымен азиялық троциклдерде (мотоциклдер), содан кейін электрлік велосипедтер мен мотороллерлерде батареяның жаңа түрін қолдану жоспарланған. Содан кейін электромобильдердің кезегі келеді. Еркін сатылымда жаңа типтегі аккумуляторлар 2020 жылы пайда болуы мүмкін.