- Негізгі бет
- Техно
- Джефф Безос: "Біз...
Джефф Безос: "Біз Жер бетінен кетеміз, кетуге мәжбүрміз"
"Amazon" мен "Blue Origin" компанияларының басшысы Джефф Безос жақын болашақта айда адамдар тұратын шағын ауылдар, ауыр индустриялық аймақтар салынатынын Калифорниядағы журналистермен кездесуінде атап айтып өтті.
Миллиардердің есептеуінше жақын уақыт аралығында ғарышқа ұшу бағасы арзандайды. Өзінің «Blue Origin» компаниясы жедел түрде "New Shepard" ғарыш кемесін жетілдіру үстінде іс жүргізіп жатыр. Кеме 30 сәуір күні ұшу мен қайта қону тәжрибесінен сәтті өтті. 2020 жылға қарай "Blue Origin" компаниясы ғарышқа бірнеше рет "New Glenn" ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлап отыр.
"Біз Жер бетінен кетеміз, кетуге мәжбүрміз. Қалғысы келгендер қала берсін. Миллиондаған адамдар айда жұмыс істеп, жер бетіндегі ауыр өнеркәсіптік нысандарды сол жақа көшіруге болады. Бұл Жер бетіндегі өсіп бара жатқан қажеттіліктерді өтеудің бірден-бір жолы", – деді Безос.
Джефф Безос алдымен Ай бетіне қонатын кемені жасауды ұсынды.
Кездесу кезінде ол Айға 5 тоннаға дейін жүк, адамдарды таситын үш өлшемді кеменің модельін таныстырды. Оның айтуына қарағанда аталған жобаны 2020 жылға қарай жүзеге асыру мүмкіндіктері бар.
"Nasa рұқсат бермесе де бұл істі біз амалға асырамыз. Ерте ме кеш пе бұл орындалады. Бірақ, біз бірлесіп жұмыс істесек мақсатымызға тезірек жетеміз", – деді Джефф Безос.
Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылы негізі қаланған "Blue Origin" компаниясы ғарышқа туристік сапарлар жасауды ұсынатын жер бетіндегі санаулы компаниялардың бірі болып есептеледі.
Т. Раушанұлы