UI/UX дизайнерлерінің еңбек аясы артып келеді: интерфейстердің дизайның жасау үшін түрлі өнімдер мен құралдар пайда бола бастады. Саланың дамуымен бірге, сөздік қорға бірнеше жаңа сөздер де қосылды. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз:
01. Мондрианизм
Dribbble кеңістігіндегі танымал стильдің негізін голланд суретшісі Пит Мондриан қалады. Стильдің ерекшелігі контенттің орналасуы шаршы мен тіктөртбұрыштар негізінде іске асады. Кішкентай ауданға көп ақпарат сыйдыруға болатындығымен көзге түседі.
02. Аффорданс
Термин ағылшын тіліндегі «Afford» (мүмкіндік беру) сөзінен шыққан және белгілі бір құбылыстың не заттың өзгелермен үйлесімділікке келу құбылысын айтады. Бұл сөз IT саласына кейін келді. Оған дейін психолог мамандар Джеймс Дж. Гибсон (James G. Gibson), кейін – Дональд Норман (Donald Norman) өз кітаптарында қолданды.
Аффорданс интернет технология саласында жұмыс істеп жүрген адамдар үшін күнделікті құбылыс болу мүмкін. Дегенмен, сапалы өнім жасау үшін әрбір элементтің маңыздылығына назар аударуы керек.
03. Гельветизация
Бұл түсінік брендингпен тікелей байланысты, өнімді таза, сапалыы әрі салмақты әрі жинақы қалыптастыру дегенді білдіреді. Дегенмен, минимализммен тікелей байланысты бұл түсінік негізінде тек қара мен аққа тоқталмай, анимация, түсті эффектілер қолана аласыз.
Гельветизация қолданушының назарын сайт пен бағдарлама қызметтік мүмкіндігі мен керекті арнаға аударып, оның есінде сақталуы үшін әсер етеді.
04. Squircle және Блоб
Геометрияның сәнде екеніне қарамастан, пішіндердің жаңа туындысын еңгізетін уақыт туған секілді. Солардың ішінде кеңінен қолданылып жүрген:
Сквиркл (ағылшын тіліндегі square и circle) – төртбұрыш пен шеңбердің қосындысы. Дөңгеленген бұрыштарға қол жеткізу үшін қосымша нүкте қосылады.
Блоб — нақты пішіні жоқ, созылмалы фигира. Бір екі жыл бұрын бэуграундтарға сән беру үшін қолданған. Ал, бүгінде интерфейс пен анимацияда жиі қолданады.
05. Earth tones
Бұл жиі қолданалмайтын "ауыр" түстерден тұратын композияция: табиғатта жиі кездесетін түстер бар. Топырақ пен құм, жапырақтар, бұлт түстерінің өзара үйлесімділігін осы қатарға жатқызуға болады.