Актер Леонардо Дикаприо Magnus стартапына инвестиция жасады. Галерист Магнус Реш жасаған бұл қосымша өнер туындыларын анықтауға көмектеседі. Дикаприо бірнеше жылдан бері өнер туындыларын жинақтап келеді. Оны түрлі бәссауда, галерея мен көрмелерде жиі жолықтыруға болады. Кейде ол картиналарды инстаграм арқылы да сатып алып жатады. Актер жүзеге асыруға ниеттенген қосымша Shazam музыкалық бағдарламасы принципі бойынша жұмыс істейді. Көз алдыңыздағы картинаны телефонға суретке түсіріп, Magnus қосымшасына жүктесеңіз, ол туынды туралы негізгі ақпараттарды ұсынады. Мысалы, картина атауы, авторы, жазылған жылы және қысқаша тарихы жөнінде мағлұмат береді.Қазіргі уақытта қосымша қоры 10 миллион картинадан тұрады. Олар әлем бойынша 20 мыңнан астам түрлі галереяларда орналастырылған дүниелер. Лео өзінің осы жобаға араласқаны туралы: Визуалды өнер идеяларды тарату, тарихты сақтау мен адамдарды бір мақсатта жұмыс істеу жолында жұмылдыруға көмектесетін күшті құрал, - деді.Жобаны жүзеге асырушы Магнус Реш экс-галерист және Көркемсурет галереяларын басқару кітабының авторы. Ол бұл қосымшаның адамзатты өнермен қайта қауыштырар қауқары барына сенеді.