2010 жылдан бері ғылымға бет бұрып, алгоритмдерді құру бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұрған DeepMind компаниясының негізін салушы британдық ғалым Демис Хассабис адамзатқа жасанды санаға қатысты әлі талай мәселелерді шешу керектігін айтты. Лондон Университеттік колледжінде болған сұрақ-жауап сессиясында ол: Бұл жүйелерді қалай басқарамыз, оларға қандай құндылықтарды саламыз, бізге осының бәрі керек пе деген секілді біз әлі жауабын таппаған қызық әрі күрделі пәлсапалық сұрақтар көп, - деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ғалым жасанды сана адамзат үшін өте пайдалы технология болатынын айта отырып, оның белгілі бір қаупі барын да ескертті. Нәтиженің жақсы немесе жаман болуы қоғамның таңдауына байланысты, - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғыелеулі жетістіктерден кейінDeepMind компаниясын Google корпорациясы400 миллионға сатып алған болатын. Бұл оқиғадан кейін де компания әлем жұртшылығын бірқатар жаңалықтарымен таңғалдырды. Мысалы, 2017 жылыDeepMind құрастырған AlphaGo компьютерлік бағдарламасы го логикалық ойынындаКэ Цзе есімді кәсіби ойыншыны жеңген болатын. Айта кетерлігі, Кэ Цзе қазіргі кезде әлемнің нөмірі бірінші го ойыншысы. Кэ Цзе мен AlphaGo арасындағы екінші ойын.