- Негізгі бет
- Техно
- Бүкіл автобус жолаушыларына...
Бүкіл автобус жолаушыларына Wi-fi "таратқан" оқушыға айыппұл салынды
Белоруссия Республикасындағы Дзержинск қаласының 11 жасар тұрғыны автобуста жол жүріп бара жатып Wi-fi таратқан. Нәтижесінде, ұялы байланыс операторына ие компания оқушыға 14 500 белорусь рублі, теңгеге айналдырғанда 2 жарым миллион шамасында айыппұл төлеуді талап еткен. Бұл жайында Tyt.by беларусь ақпарат агенттігі хабарлады.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында оқушының Беларуссиядан Болгариядағы жазғы сауықтыру лагеріне бара жатқаны анықталды. Жолда ол қасындағы сапарластарының сұрауы бойынша жеке телефонынан Wi-fi таратқан. Интернетке қолы жеткен 15 жолаушы жол бойы фильм көрген, онлайн ойындар ойнаған, түрлі интернетті қажет ететін бағдарламаларды пайдаланған.
Осы жағдайға байланысты оқушының әкесіне 14 500 белорусь рублі шамасында айыппұл қағазы келеді. Оқушыларды лагерьге алып бара жатқан жетекшінің сөзіне сенсек, бұл отбасының тұрмыстық жағдайы онсыз да төмен. Тіпті, баласын жазғы лагерьге аттандырған ата-ана соңғы ақшасын осы сапарға жинап берген. Айына $500 қаржы табатын ата-ана үшін бұл ауыр соққы болды.
А. Қажиев