Бүгінгі талап: жұмыста керек дағдылар

Бүгінгі талап: жұмыста керек дағдылар
Фото: freepik.com

Білім алу дипломға қол жеткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бүгінде жас пен дағдылардың деңгейіне қарамастан, білім алуды жалғастыру шарт. Өйткені, сіздің бүгін білетініңіз ертең қажетіңізге жарауы әбден мүмкін. Оның үстіне, қолыңызда интернет атты ғажап қару бар. Бүгінгі топтамада онлайн түрде жетілдіруге болатын болашақтың мамандықтарының тізімін жасадық:

1
Бағдарламалау:

РесурсCodeacademy
Бұл жақсы ма әлде жаман ба, белгісіз, бірақ сандық әлем біздің өмірімізді басқаратыны жасырын емес. Ал, код сандық әлемді басқарауды. Нақты қай код түрін меңгеретініңіз өз шешіміңізге тікелей байланысты: HTML, CSS, PHP немесе Java – сандық контенттің негізін қалап, оны басқаруға үйрететін ресурстар жеткілікті. Codecademy әлем бойынша 24 миллион қолданушы сабақ алып жатқан интерактивті курстарды ұсынады. 

2
Excel дағдылары:

РесурсLynda
Microsoft Excel барлық жерде керек: әлем бойынша ақпараттарды сараптауда қолданылатын бағдарлама. Бұл бағдарламда жұмыс істей білу сіздің әріпетстер арасында құнды бола түсуіңізге септігін тигізеді.

LinkedIn ұсынатын ақпараттық платформа Excel курсын әр түрлі деңгей бойынша ұсынады. Яғни, бастапқы деңгейден бастап, жалғастырушы және «шебер»  деңгейіне дейін дағдыны жетілдіре аласыз.

3
Web Scraping

РесурсUdemy
Web Scraping контентті басқаруға көмектеседі. Белгілі бір алгоритм бойынша көрсетілген сайтқа өтіп, ішкі сілемелерге өту арқылы сайт туралы барлық ақпаратты алуға көмектеседі. Яғни, мыңдаған сілтемені кестеге айналдырады. Нәтижесінде CSV файлын жүктейсіз.
Мысалы, тауарға сипаттама жазатын копирайтер бәсекелестерінің ақпаратын ала алады. Әрине, оған қол жеткізу үшін бірнеше кезеңдік білім керек.

4
Photoshop

РесурсKelbyOne
Фотография саласы соңғы уақыттары жастар арасында кеңінен танымал. Өйткені, кеңсе қызметкеріне қарағанда, бір уақыт тапсырыс орындап қана қыруар қаражат табатын сала ешкімді қызықтырмай қоймайды. Дегенмен, суретке түсіре білгеннің бәрі маман емес. Оның да өзіне тән дағдылары мен ережелері бар.  

5
Іздеу оптимизациясы (SEO)

РесурсUp-Site (орыс тілінде және тегін)
Ғаламторға керегіңізді жазған кезде бірінші болып шыққан сайтқа өтетініміз жасырын емес. Іздеу жүйесінде алғашқы орындарға ілгу үшін компаниялар үлкен сомадағы қаражат жұмсаудан жасқанған емес, ал бұл саланы жетік меңгерген мамандар сұранысқа ие. Өйткені, әлі күнге дейін елімізде мамандар саны жеткіліксіз. 

6
Adobe бағдарламаларымен жұмыс істеу (Photoshop, Illustrator, InDesign, AfterEffects)

РесурсPluralsight
Сандық графика саласында Adobe жүйесінің бағдарламалыр көш бастап келеді. Creative Suite бағдарламаларын меңгеру қиын болғанына қарамастан, түрлі тапсырмаларды шешуде ешкімге дес бермейді. Бағдарламларды қолданып білсеңіз, ешкім қол жеткізбеген жетістіктерге жететініңіз анық.  

7
Сараптама

РесурсOnline Course Report
Кез келген ақпарат  қолданып білмесе, пайдасыз ақпарат болып қалады. Бүгінде ақпаратпен жұмыс істеп білетін, болжамдар мен қорытындылар шығара білетін маман сұранысқа ие. Сандарды сөйлете білетін, әр саннан жұмбақ көре отырып, оны шешуге ұмтылатын маманды керек етеді.

8
Видео

РесурсVideomaker
Шығармашылыққа жақын, дегенмен, техникалық саланы да жаны сүйетін, шыдамдылық  таныта білетін жандар үшін видеомен жұмыс істеп білу таптырмас дағды. Әсіресе, соңғы уақытта видео контентке деген сұраныстың артуын есепке алсақ, видеомен жұмыс істеп білетін адам жерде қалмайды.

Әр күніңізді жаңа нәрсені үйренуге арнаңыз. Бүгін пайдаңызға аспаса да, болашақта сіздің жетістігіңіздің себепкері болуы әбден мүмкін.

Т. Есқали