Қай уақытта болмасын жоғалатын заттар болады. Біз жануарлар мен өсімдіктердің азайып, кейбіреулері жоғалып бара жатырғанына үйреніп келеміз. Ал сізге бүгін таныс иістің ертең ұмытылуы мүмкін екені туралы ойланып көрдіңіз бе?
Баспахана
Болашақта қағазбен және оның типографиялық бояуының иісімен қоштасуымыз мүмкін. Қазір барлық кітаптар және құжаттық жұмыстар элоктрондық жүйеге өтуде. XX ғасырдың барлық жаңа кітаптары мен оқулықтарынан шығатын иісті арнайы сұйықтық (этанол және изопропан қосындысы) құю арқылы дайындайды. Қазіргі таңда сол сұйықтықты дайындайтын бір-ақ компания (АҚШ-та) қалған.
Polaroid таспасы
1980 жылдары бұл фотоаппаратты барлығы алғысы келетін. Себебі ол суретке түсірген соң, жылдам шығарып беретін. Осы фотоаппартаттың бақытты иелері фольгадан алынған таспаның "тәтті" иісін біледі. Сол ұрпақтың балалары үшін ол суреттердің иісі. Өкінішке орай, 2008 жылы Polaroid компаниясы лезде шығаратын таспаларды өндіруді тоқтатты.
Бор
Қазір мектептерде және жоғарғы оқу орындарында бор қолданылғанмен, оларды интерактивті сенсорлық тақталар ауыстыруға асығуда.
Телефон анықтамалығы
Қазір барлық мәлімет Google анықтамалығы арқылы ізделінеді. Телефон анықтамалығымен кейбір үлкен кісілер ғана қолдануы мүмкін. Шамамен 5 жыл бұрын ғана қажетті мекен-жайды және телефон нөмерін білу үшін қағаздың және желімнің иісі шығатын қалың анықтамалықты іздеп табу керек болатын.
Сіздің ойыңызша болашақта тағы ненің иісі жоғалуы мүмкін?