Google іздеу жүйесі 2020 жылы қолданушылар нені көп іздегенін жариялады.
Биыл коронавирус пандемиясына байланысты: "Бет маскасын қалай жасауға болады?", "Қолды қалай залалсыздандыруға болады?", "Коронавирусты қалай тексеруге болады?" сынды сұрақтар ең көп ізделінген.
Сондай-ақ, көптеген тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарының карантин жағдайына байланысты жұмыс істемейтіндіктен: "Шашты қалай өз бетінше қырқуға болады?", "Ерлердің шашын қалай қысқартуға болады?" сынды сауалдар да күрт өскен.
Карантин кезінде асханалар жабық болғандықтан, көбі үйде тамақ дайындауға мәжбүр болды. Нәтижесінде Google-да түрлі рецепті ізделе басаған. Оның ішінде көп ізделгені – тамақ пісіру рецепті. "Нанды қалай пісіруге болады?" деген сауал Google-дың тамақ пісіру бойынша сауалдар арасында бірінші орынға шыққан.
Сонымен бірге интернетте "Локдаун қашан аяқталады?", "Спорт залдары қашан ашылады?", "Карантин қашан басталады?" сынды сұрақтарға жауап көп ізделген. Сондай-ақ, "Мектеп қашан ашылады?", "Демалыс қашан аяқталады?", "Шаштараздар қашан ашылады?" деген сауалдар ең көп ізделген сұрақтардың ондығына кірген.