50 Cent лақап атымен танымал рэпер Кертис Джексон кезінде криптовалютаға жасаған инвестициясының жемісін көріп жатыр. Бұл туралы америкалық таблоидтар хабарлады. Енді50 Cent лақап атын 700 bitcoin деп өзгерте ме екен?! Рэпер 2014 жылы шыққан Animal Ambition атты альбомының құнын биткоинмен қабылдаған. Ол кезде бір биткоин 662 долларға сәйкес келетін. Ал, қазір ол тапқан 700 криптовалюта шамамен 7-8 миллион долларды құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 50 Сentөзінің банкрот болғанын хабарлаған еді.