Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс 'Breakthrough Energy Venture Fund су панельдерін шығаратын Source Global стартапына инвестиция салды. Бұл туралы CNBC хабарлады.
Стартап осы уақытқа дейін 150 миллион доллар инвестициялаған. Инвесторлар арасында BlackRock және Lightsmith, сондай-ақ Duke Energy Holding бар.
Source Global бас директоры Коди Фризен панельдерді 2014 жылы Аризона университетінің инженерлік мектебінде жұмыс істеген кезінде ойлап тапқан. Бір жылдан кейін ол панельге арналған стартап құрды.
Алғашқы 40 гидропанель 2018 жылы Кенияда орнатылды және бұл панельдер қазір 52 елде қолданылуда.
Гидропанельдің сыртқы түрі күн батареясын еске түсіреді, тек ол электр қуатының орнына су өндіреді. Бір панелінің құны 2000 доллар тұрады.