- Негізгі бет
- Техно
- Байқоңырдан ғарышқа алғаш...
Байқоңырдан ғарышқа алғаш рет робот ұшырылды
22 тамыз күні таңертең "Союз-2.1а" зымыран тасығышы "Федор" есімді адамға ұқсас роботпен бірге "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылды.
"Союз-МС" көліктік кемесі бар "Союз-2.1а" жаңа зымыран-тасығышын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру сынағы сәтті өтті.
Орбитаға шыққан соң, ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына екі тәулік ішінде жетуі тиіс. Осы уақыт аралығында робот ұшу кезеңдерін хабарлап отырады. Орбитада "Федор" 17 тәулік жұмыс істейді. Осы уақытта Халықаралық ғарыш айлағындағы ғарышкерлер оператордың қимылын қайталайтын арнайы костюм көмегімен роботты басқаратын болады. Содан кейін ол қайта Жерге оралып, Қазақстанға 7 қыркүйек күні 00.35-те қонады.
"Союз-2.1а" зымыран-тасығышы ұшырылар алдында робот ұшу алдындағы дайындық туралы баяндады. "Кеттік!" пәрменін айтуды да ұмытқан жоқ. 10 минут бойы ұшудың параметрі мен байқаған жағдайлар туралы пікір білдіріп отырды.
Роскосмос телестудиясы бортында робот бар "Союз МС-14" кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәтін стартқа жарты сағат қалғанда тікелей эфирден көрсетті.
Massaget.kz