Huawei компаниясы Huawei Mate X атты өз желісіндегі тұңғыш бүктемелі смартфонын жарыққа шығарды. Жаңа девайстың ерекшелігі – бесінші буындағы 5G байланыс.
Қазіргі таңдағы бүктемелі ең жұқа экран жасауға мүмкіндік берген технология 100-ден аса топсалы механизм элементтеріне негізделген. Mate X бүктелген күйде 11 миллиметр, жайылған күйде 5,4 миллиметр болады. Бірақ бұл көрсеткіштерге эргономикалық сап пен орталық блок қызметін атқаратын смартфон шетіндегі дөңес тұтқаның қатысы жоқ.
Бүктелген смартфон 6,6 және 6,38 дюймдік екі экранға, жайылған күйде диагоналі 8 дюйм болатын, 8:7,1 қатынастағы, 2480х2200 анықтықтағы үлкен экранға ие болады.
"Huawei Mate X-тің революциялық форм-факторы – үздіксіз зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижесі. Huawei Mate X смартфондардың жаңа өкілі ретінде бойына 5G, бүктемелі экран, AI және қолданушылармен өзара қарым-қатынастың жаңа режимін жиған. Huawei Mate X қолданушылар үшін 5G дәуірінде smart-өмірге қадам басуға итермелейтін негізгі құрал болмақ", - дейді Huawei-дің атқарушы директоры Ричард Ю.
Смартфонның өнімділігіне келер болсақ, ішіне компанияның флагманы, 7-нанометрлік Kirin 980 чибі орнатылған. Ричард Юдің айтуынша, Mate X – өнімділік пен инновация тұрғысында қазіргі таңдағы ең жылдам смартфон. Оны ең алғашқы Baloong 5000 5G-модем мен тұңғыш 55-ваттық қуаттағыш айғақтай түседі.
Дисплей модульдерінде жалпы сыйымдылығы сағатына 4500 мА болатын, ұлғайтылған аккумулятор блоктары орналасқан. 55-ваттық қуаттағышты қолданған жағдайда 80% қуатты 30 минутта толтыруға болады.
Mate X-тің камерасы болса дәстүрлі Leica компаниясының кәсіби линзаларын қамтыған. Түсірілген суреттердің сапасы DxOMark рейтингінің көшбасшысы Mate20 Pro-ның деңгейінде. Сондай-ақ foldable-дизайнның ерекшелігіне байланысты фронтал камера артқы негізгі камерамен біріккен. Huawei Mate X 2019 жылдың ортасында сатылымға шығады. Девайс бір ғана түсте сатылады – interstellar blue. Жедел жады 8 гигабайт, негізгі жады 512 гигабайт болатын модельдің болжалды бағасы – 2299 евро.
Cеріктес материалы