Индонезия, Сингапур және АҚШ компаниялары бірігіп Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен АҚШ-ты байланыстыратын Тынық мұхиты түбінен өтетін телекоммуникация кабелін тартады. Кабельдің ұзындығы – 15 мың шақырым болады.
Жоба қатысушыларының Keppel телекоммуникация, Индонезия және Facebook бірлескен мәлімдемесінде "Бифрост" деп аталатын кабель тарту жұмысы 2024 жылы аяқталады және Тынық мұхитындағы осындай ірі жоба болады деп айтылған.
"Суасты кабельдерінің ғаламдық байланыстағы маңызы қазіргі уақытта деректерді тарату мүмкіндіктері, технологияларды, мобильді құрылғыларды пайдалану және 5-ші буын байланыс жүйелерін қолдану қажеттілігінің жедел дамып келе жатқан кезеңінде", - делінген компаниялардың хабарламасында.
15 мың шақырымдық кабель Солтүстік Американың батыс жағалауын Индонезиямен, Сингапурмен және Филиппинмен байланыстырады.
Google компаниясы да осындай кабельді Тынық мұхит арқылы өткізеді. Echo жобасы 2023 жылға дейін аяқталады деп жоспарланған.
Жаңа кабельдер екі аймақ арасындағы интернет байланысының мүмкіндіктерін арттыруға арналған.
"Echo және Bifrost деп аталатын бұл кабельдер Ява теңізі арқылы жаңа маршрут бойынша тартылған алғашқы екі кабель болады. Олар Транс-Тынық мұхиты аймағында интернеттің мүмкіндігін 70% арттырады", - дейді Facebook вице-президенті Кевин Сальвадори.