2020 жылға қарай Blue Origin компаниясы ғарышқа бірнеше рет New Glenn ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлап отыр. Amazon мен Blue Origin компанияларының басшысы Джефф Безос жақын болашақта Айда адамдар тұратын шағын ауылдар, ауыр индустриялық аймақтар салынатынын Калифорниядағы журналистермен кездесуінде атап айтып өтті. Бірақ Айға саяхаттауды Илон Маск бұрын бастап кетті. Өткен жылы Илон Маск 2018 жылы Falcon Heavy және Dragon капсулалары арқылы Жердің жасанды серігіне адам ұшыруды көздеп отырғанын мәлімдеген еді. Бірақ кешеSpaceX твиттеріне SpaceX әлемнің алғашқы жолаушысымен Айға ұшу үшін келісімшарт жасады. Бұл BFR зымыранымен ғарышқа саяхаттағысы келетіндер үшін жасалған бірінші қадам. Сонымен кім ұшайын деп жатыр, неге ұшайын деп жатқанын дүйсенбі кешкі сағат 18:00-дегі тікелей эфирден тамашалай аласыздар, деген мәлімдеме жариялады. Ендеше ғарышқа қызығатындар үшін таңертең тамаша мүмкіндік. Өз көздерімен Айға зымыранның қалай ұшатынын көре алады. Төменде біз тікелей эфирдің ссылкасын салып отырмыз. Естеріңізге сала кетейік өткен ғасырдың жетпесінші жылдарынан кейін Айға ешкім қадам баспады. Соңғы уақытта адамдардың кіші ғаламшарға деген қызығушылығы қайта оянып отыр. Ал жақында ғана Айдан мұздың табылуы отқа май құйғанмен бірдей болды. Айдың күн сәулесі түспейтін терең кратерлерінен мұз қорлары табылғанын жазған едік. Зерттеу кезінде мұздың қанша тереңдікте орналасқаны анықталмады, бірақ көлеңкелі кратерлердегі мұз қоры Айдағы барлық мұз қорының 3,5 пайызын құрайтыны анықталған. Сарапшылардың пікірінше, болашақта Айға қоныстанушылар бұл мұз қорларын тиімді пайдалану үшін бірнеше зерттеу аппаратын ұшырып, оның қалыңдығы мен көлемін анықтап алу керек. Айдан мұздың табылуы болашақта Айға қоныстанушылар оны ауыз су көзі ретінде пайдаланады дегенді білдірмейді. Бұдан айдың болашақ тұрғындары күн жүйесін одан әрі жаулап алу үшін қолданылатын отын шығара алады, яғни мұзды ерітіп одан сутегі мен оттегі өндіреді дегенді білдіреді.