NASA 2023 жылы Ай маңындағы Gateway станциясының алғашқы модулін ұшыратынын мәлімдеді. Осылайша АҚШ ғарыш агенттігі "Айға адам апарамыз" деген SpaceX компаниясының алдын орап кетпекші.
Northrop Grumman әскери өнеркәсібі Аң маңындағы станциясының құрылысымен айналысады. Бұл компанияның ғарыш саласында аса бір тәжірибесі жоқ. Бұған дейін тек бір ғана ғарыш кемесін жасап шыққан. Биыл Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізген Cygnus кемесінің құрылысымен дәл осы әскери өнеркәсібі айналысқан.
NASA мен Northrop Grumman алдында қиын міндет тұр. Олар тек Ай маңындағы станцияны жасап қана қоймай, адам тіршілік етуге қолайлы етуі қажет. Болашақта Gateway Айға ұшқан ғарышкерлердің уақытша мекендейтін тұрағы болады деп жоспарлануда.