Аустралия программистері өрмекші мен жыланның түрін анықтайтын Shazam аналогын жасады. Қосымша Critterpedia деп аталады.
Қосымша жүйесі Аустралия ұлттық ғылым агенттігіндегі суреттер мен деректерге негізделген. Алгоритм жылан мен өрмекшілердің түрлі ракурс пен қашықтықтан анықтай алады.
Авторлар қосымшаның дамуына үлес қосуға үндеген, оған өз суреттеріңізді қосып, жүйенің жетілуіне көмектессе болады. Әсіресе, улы жылан-өрмекшінің фотосуреті көбірек жүктелгені жөн екен, себебі бұл біреудің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
Қазір Аустралияда өрмекшінің 2000 түрі, жыланның 170 түрі тіршілік етеді.