Hospi өнімі толық медбикенің ісін орындамағанмен, медбике көмекшісі ісін қиындықсыз атқара алады. Робот медициналық құралдарды тасуға және орнын ауыстыруға арналған. Егер аурухана Wi-Fi жүйесімен жабдықталған болса, ол ауруханалық мекеме картасын жүктеп, өздігінен жолды таба алады және лифтті қолдана алады. Роботтың қозғалу жылдамдығы 1м/с-ті құрайды.
Hospi Сингапурдағы сынаудан өтті. Робот халықаралық ISO 13482 сәйкес келетін жапониялық JIS B 8445 және JIS B 8446-1 стандарттарынан өткендіктен, Жапония және басқа да мемлекеттердің ауруханаларында қолданылады. Panasonic компаниясының айтуы бойынша, робот-медбике осы стандарттардың талабын орындай алған алғашқы робот саналады екен.
Жаңа робот – Panasonic компаниясы инженерлерінің медициналық қызметтерге арнап өңдеп жатқан топтамасындағы бір өнімі. Оған дейінгі шығарылған робот кесте бойынша дәрі тарату үшін Жапония ауруханаларында қолданылып жүр. Уақыт өте компания олардың жасай алатын барлық қызметтерін бір роботқа қосып шығаруы да әбден мүмкін.