Әуежайларларда көптеген уақыт бойына металл детекторы қолданылып келді. Ол қауіпсіз болатын. Дегенмен, ол тек құрамында металлы бар қаруларды анықтай алады. Ал, металлсыз қауіпті қаруларды анықтау мүмкін емес. Сондықтан, ғалымдар сканердің көмегіне сүйенуді ұсынып отыр. Дегенмен, олар қаншалықты қауіпсіз?
Рентген сканері
Рентген сканері адам тәнін толық көрсетуге қауқары жетеді. Бірақ, оның қауіпсіздігі туралы тақырыпта зерттеушілер арасында түрлі дау туып жатады.
«Бұл құрылғы арқылы кеуде жасушалары өздеріне радиацияның 10%-ын қабылдайды», — дейді Калифорния Университетінің биофизигі Джон Седат (John Sedat),
Колумбия Университетінің биофизикалық радиология саласының профессоры Дэвид Бреннер (David Brenner) бұл пікірмен келіседі: «Рентген сәулелері онкологиялық аурулардың себепшісі болуы әбден мүмкін».
Еуропада рентген сканерлерін әуежайда қолдануға тыйым салды. Кейін оның ізінен бірнеше ел де дәл осындай шешім қабылдады. Бірақ, оны әлі қолданып жүрген елдер де бар.
Микротолқынды сканер
Микротолқынды сканер суретті радиотолқындар арқылы алады. Бұл сканерді қолдану барысында аяқ киімсіз, қолыңызды басыңызға көтеріп тұруыңыз керек. Эксперттер бұл құрылғы адам денсаулығына кері әсерін тигізбейді дейді.
Пенсильван университінің радиология кафедрасының доценті Эндрю Мэйдмент (Andrew Maidment) құрылғыдан таралатын радиотолқындар молекулярлық өзгеріске ұшыраған сәтте ғана қауіпті екенін айтады.
«Бұл сканердің сәулесін тексеру үшін сынақты жүкті және жаңа туған сәбиге өткіздік. Мен сенімді түрде айта аламын: бұл – қауіпсіз құрылғы», — дейді Мэйдмент.
Тіпті, сіз ұшақтың жиі қолданушысы болсаңыз да, сіздің денсаулығыңызға әсер етпейтін аз көлемдегі сәулені ғана бойыңызға сіңіресіз.