Американың атақты жазушысы Стивен Кинг Facebook парақшасын өшіріп тастады. Ол аталған әлеуметтік желі қауіпсіздігіне сенбейтінін айтып шағымданған:
"Мен фейсбук парақшамды өшіремін. Мен бұл әлеуметтік желіде кезіп жүрген жалған ақпарат пен саяси астарлы мәліметтерден өзімді нашар сезінемін. Менің жеке тұлға ретінде құпия мәліметтерімнің қорғалатынына да сенімді емеспін. Егер менімен байланысыңызды үзгіңіз келмесе, мені твиттерден тауып алыңыз", – деп жазған Кинг.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 50 миллион адамның жеке мғлұматы тарап кеткеннен бері бұл мәселе ушығып келеді. Осының салдарының талай әнші өз парақшасын әлдеқашан өшіріп үлгерген болатын.