Ғаламторда шектеу жоқ. Жасы кішкентай баладан қарттарға дейін ғаламторды игілігіне жарата алады. Әсіресе, әлеуметтік желі барлық буын арасында кең танымал. Дегенмен, жасөсіпірімдер ата-анасымен әлеуметтік желіде дос болуды қолдай бермейді. Өйткені, балалардың ойынша ата-аналар байқаусызда әлеуметтік желіде қателік жібереді.Three британ компаниясы әлеуметтік желідегі ата-ана мен бала қарым-қатынасына зерттеу жүргізеді. Олардың ішінде 70% жасөспірім ешқашан ата-анаммен әлеуметтік желіде дос болмас едім деген пікір білдірсе, 30%-ы ата-анасын достар қатарынан өшіріп тастаған.Неге?Біріншіден, бұл балаға ата-ана оны өз бақылауында ұстап отыр деген ой қалыптастырады. Олар өзін жасанды ұстай бастайды.Екіншіден, ата-ананың әлеуметтік желідегі белсенділігі баланың бойына ыңғайсыздық тудырады.Өйткені, ата-ананың барлығы жастар мәдениетін түсіне бермейді, олардың сөйлесу стилі, өзара түсінетін әзілдері үлкендер үшін жұмбақ.Әлеуметтік желіде ата-аналар жіберетін қателіктер рейтингі:1. Балалардың 24%-ы ата-анасының отбасылық суреттерді салғанын ұнатпайды.2. 21%-ы ата-анасының біртүрлі суреттерді салғанын жек көреді.3. Жасөсіпірмдердің 10%-ы үшін мына жағдайлар ыңғайсыздық тудырады: Жастардың сленгін ата-ана орынсыз қолданса; Олардың парақшасында ата-анасы қалдырған түсініксіз пікірлер.4. 9%-ын анасы не әкесі жазған пікірлер ұялтады.5. 4% жасөспірім үшін мына жағдайлар ең қолайсызы: Олардың суреттеріне жазылған пікірлер; Олардың достарының суреттеріне пікір білдіру; Олардың достарымен хабар алмасуы.Егер әлеуметтік желіге тіркеліп, балаңыздың парақшасын көзіңіз шалып қалса, оның ғаламтор кеңістігінде өзінің жеке өмірі бар екенін естен шығармаңыз.