- Негізгі бет
- Техно
- Аспан асты елінде...
Аспан асты елінде оқушыларды бақылап отыратын құрылғы жасалды
Аспан асты елі халқының өсімі, ел эканомикасы сонымен бірге жаңа технологияларды жарату жағынан да көш бастап тұр. Жақында ғана өз аэропорттарында, жұрт жиналатын орындарда адамның сыртқы келбетін тез арада анықтайтын құрылғыны іске түсірсе, бүгінге келіп, мектептерде оқушылардың көңіл-күйі мен сабаққа деген ынтасын, мұғаліммен арадағы қарым-қатынасын анықтайтын құрылғы жасап шығарып, оны оқу орнында қолдануды бастап та кетті.
Әр 30 секундта адамның жүзін тексеріп отыратын технология Ханджоудағы 11 нөмірлі мектептің жоғары сынып оқушыларын бақылап отырады. Ол оқушының жағдайын – ашуланғанын, қуанғанын, қорқып отырғанын немес ренжігенін анықтап, жеке-жеке мәлімет беріп отырады. Бұдан басқа құрылғы оқушының іс-әрекетін түсінеді. Ол оқушының жазып отырғанын, ұйықтап жатқанын, оқып немесе оқытушыға сабақ айтып жатқанын анықтай алады.
Бұл сынды құрылғының арқасында қытайлық мамандар оқу үдерісін сапалы етуді, сабақ барысында келеңсіз оқиғалардың алдын алуды көздеп отыр.
Т. Раушанұлы