Әрбір адам 10 минут сайын телефонын қарайды

Әрбір адам 10 минут сайын телефонын қарайды
Фото: 1ZOOM

Elabe ұйымы жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемдегі әрбір адам әр 10 минут сайын телефонына үңіледі екен. 

Әдетте адамдар жаман әдеттен арылып, спортпен шұғылдануға дағдылануды қалайтын. Соңғы кездері желіге уақытты аз жұмсап, телефонға тәуелділіктен арылғысы келетіндердің саны артып келеді. 

Түрлі зерттеулер қазіргі күні адамдардың тең жартысынан көбі смартфонсыз өзін қолайсыз сезініп, онсыз жүре алмайтынын анықтаған. Өйткені адам телефонына қараған сайын ағзамызда қысқамерзімді рахат сезіміне бөлейтін домафин гормоны бөлініп, жанымыз тынышталады екен. 

 
А. Рысдәулет