Apple Iphone X смартфонындағы проблеманы шешуге уәде берді

Apple Iphone X смартфонындағы проблеманы шешуге уәде берді
Фото: yandex.kz

Apple компаниясы Iphone X смартфонындағы проблеманы шешуге уәде берді. dpa мәліметінше, компанияның су жаңа соңғы өнімінің экраны суықта нашар істейді. Сынап бағаны 0-ден төмен болғанда смартфон жұмысында қиындықтар туындайды. 

Бұл проблеманы шешу үшін компания басшылығы iOS бағдарламасын жаңарту қажет деп есептейді. "Суық кезде жаңа смартфонның сезімталдығы жоғалады. Қолыңызбен қалай басқарсаңыз да ештеңе сезбей, бірнеше секундтан кейін ғана қайтадан жұмыс істей бастайды" – дейді Apple өкілі. 

Компания бұл проблеманың неден туындағанын әлі ашып айтқан жоқ. Жаңартулар болғанға дейін ешқандай ақпарат берілмейді. 

Ж. Жұмағұлов