- Негізгі бет
- Техно
- Apple-дің капитализациясы $1...
Apple-дің капитализациясы $1 триллионнан асты
10 қыркүйекте Apple компаниясының жаңа құрылғылары жарыққа шықты. Купертинодағы дәстүрлі презентацияда 11-сериялы iPhone, Apple Watch ақылды сағаты, iPad-тың жетінші өкілі және жаңа сервистер таныстырылды.
Презентациядан соң Apple компаниясының капитализациясы бір триллион доллардан асып түсті. Мұндай көрсеткіші NASDAQ электронды биржасы ұсынды.
11 қыркүйек күні Apple компаниясының капитализациясы 1 010 443 000 долларды құраған. Ал сауда жабылар сәтте Apple компаниясының әрбір акциясы 223,6 долларды құраған. Дегенмен iPhone 11 таныстырылғаннан соң компанияның ескі модельдерінің нарықтағы құны бірден түсіп кетті.
Презентацияда iPhone 11, iPhone 11 Pro және iPhone 11 Pro Max смартфондары таныстырылды.
А. Рысдәулет