Өткен аптаданың ең қызықты технологиялық және ғылыми жаңалықтарын назарыңызға ұсынамыз.
© Nokia
Nokia-ның арзан смартфоны
HMD өзінің Nokia G21 смартфонын таныстырды. Жаңа смартфон алдыңғы G20 моделінен экранымен ерекшеленеді. Смартфонның диагоналы 90 ГГц және диаметрі 6,5 дюйм болатын HD+ дисплейімен жабдықталған. Смартфонның алдыңғы камерасы 8 Мп.
Ол сегіз ядролы Nokia G21 процессорымен жабдықталған. Смартфонның 4/6 ГБ жылдам және 64/128 ГБ тұрақты жады бар.
G21 Android 11 жүйесінде жұмыс істейді, бірақ жақын арада құрастырушылар12 нұсқасына жаңартуды уәде етті.
Смартфон үш – 50 Мп бір негізгі камерамен және 2 Мп екі камерамен жабдықталған.
Батареяның сыйымдылығы 5050 мАч.
Жаңа Nokia G21 бағасы 186 доллардан (80 993 теңге)басталады.
© Joby Aviation
Апатқа ұшыраған ұшатын такси
АҚШ-та ұшқышсыз басқарылатын Joby ұшатын таксидің сынақ үлгілерінің бірі апатқа ұшырады. Бес орындық электрлі аэротакси сағатына 435 км жылдамдықпен келе жатқан.
Joby Aviation он жылдан астам уақыт бойы аэротаксиді дамытумен айналысады.
Volocopter, eHang, Lilium және Vertical Aerospace сияқты компаниялар да әуе таксиін құрастырады.
Бұған дейін словакиялық Klein Vision компаниясы ұшатын көлікпен тарихтағы алғашқы ұзақ қашықтыққа рейс жасаған болатын. AirCar деп аталатын көлік Словакияның Нитра мен Братислава қалаларының арасындағы 85 шақырымдық қашықтықты 35 минутта ұшып өтті.
© bloomberg.com
Ғарыш билеттері
Адам ғарышқа жақындай түсті: Ричард Брэнсон ғарышқа жеке ұшақпен ұшқан алғашқы адам атанды
Virgin Galactic Holdings Inc. 16 ақпанда суборбитальды рейстерге билеттерді сата бастады. Компания осы жылдың соңында ғарышқа туристерді апаруды жоспарлап отыр.
Бірінші кезеңде орбитаға мың адам ұшады деп күтілуде, одан кейін олардың саны артады.
Рейстер Нью-Мексикодан орындалады, әр рейс 90 минутқа созылады.
Билет 150 000 долларлық депозитпен бірге 450 000 доллар тұрады.
© iphones.ru
iPhone 14 жады максималды түрде кеңейеді
2022 жылдың күзінде шығарылады деп күтілетін iPhone 14 үлгілері 8 гигабайтқа дейін кеңейтіледі. Бұл туралы оңтүстіккореялық Naver блогына сілтеме жасаған MacRumors хабарлады. Инсайдердің айтуынша, iPhone 14 қазірдің өзінде жаппай өндіріске дайындалуда.
Еске салайық, қазіргі iPhone 13 Pro және 13 Pro Max 6 ГБ жедел жадыға ие.
iPhone 14 шығарылымы қыркүйек немесе қазан айларында болады деп күтілуде. Санат бойынша төрт модель бар: iPhone 14, 14 Pro және 6,7 дюймдік iPhone 14 Max / 14 Pro Max.
iPhone 14-тің барлық үлгілерінің ішкі жады барынша ұлғайтылған: ең кішісі – 512 ГБ-тан 1 ТБ-ға дейін, ең үлкені – 2 ТБ-ға дейін.